Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы Конгресс холл кешенінде «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» атты жастар форумы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту, рухани құндылықтарды дәріптеу, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылау және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болды.

Форумның ашылуында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы сөз сөйлеп, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде жастардың құқықтық сауатты әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуы елдің тұрақты дамуы мен болашағының кепілі екенін атап өтті.

Іс-шараға қалалық прокуратура, полиция басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ қала басшылығы мен белсенді жастар қатысты. Форум барысында қатысушылар еркін пікір алмасып, мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.

ҚМДБ өкілі Нұрлан Асанов жастарға рухани тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды сақтаудың мәнін түсіндірсе, психолог Салтанат Сайлауқызы тұлғалық даму мен өзін-өзі тану, сондай-ақ құқықтық мәдениеттің адам мінез-құлқындағы рөлі туралы ой қозғады. Ал IT маман Ғасыр Қаралбайұлы ақпараттық қауіпсіздік пен кибермәдениет тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, заманауи технологияларды қауіпсіз пайдалану жөнінде кеңес берді.

Форум соңында жастарға құқықтық және рухани мәдениетті дамыту, ақпараттық сауаттылықты арттыру және жеке қауіпсіздікті сақтау бағытында нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, қоғамдағы құқықтық тәртіп пен жауапкершілікті күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық мәдениет, салт-дәстүр — тәрбие бастауы

admin

Халықаралық олимпиадаларға Қазақстан атынан барған әрбір екінші қатысушы жүлделі орынмен оралды

admin

Алматылық әйелдер Президент атынан мемлекеттік награда алды

admin

Пікір жазу