Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Отырысты облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етті. Күн тәртібінде төрт маңызды мәселе қаралды.

Пробация қызметі мен жұмыспен қамту шаралары

Жыл басынан бері пробация қызметі есебіндегі азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында облыс көлемінде 42 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде 522 адам мансап орталықтарына жүгініп, оның 457-сі жұмыспен қамтылды. Соның ішінде 249 азамат тұрақты жұмысқа, 86 адам қоғамдық жұмысқа, 9 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, ал 3 азамат “Жастар практикасы” арқылы жұмысқа орналастырылды.

Биыл бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан азаматтарды қолдау мақсатында 17 квота орны бекітілген. Есепті кезеңде 29 азамат жұмыспен қамту мәселесі бойынша мансап орталықтарына жүгінген.

Көші-қон мәселесі назарда

Комиссия отырысында көші-қон саласындағы жұмыстардың профилактикасы да кеңінен қаралды. Бұл бағытта Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Б.Айтпаев, Сарыағаш ауданының әкімі А.Абдуллаев және Ордабасы ауданының әкімі А.Оралбаев баяндама жасады.

Өңірде шетел азаматтарының жүріп-тұруы мен заң талаптарын сақтау мәселесі тұрақты бақылауда. Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 11 362 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде елде болу тәртібін бұзған шетелдіктер – 3723 адам.

Тәртіп сақшылары заңсыз көші-қонның алдын алу мақсатында «Мигрант», «Заңсыз келуші», «Құқық тәртібі» және өзге де профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Сонымен қатар шетелдіктерге көмек көрсететін және заңсыз көші-қонды ұйымдастыратын делдалдарға қатысты жұмыстар да жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы жастары: өтініш қабылдау басталды

admin

БІРЛІК ПЕН ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ

admin

ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

admin

Пікір жазу