Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП БАР ЖЕРДЕ – ЕЛДІК ПЕН БІРЛІК БАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидатын мемлекеттік құрылыстың басты негіздерінің бірі деп атап өтті. Президент бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне тереңінен сіңіріп, оны қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті.

Биылғы 8 қыркүйекте жарияланған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында Мемлекет басшысы «Заң және тәртіп» ұстанымдарына баса мән берді. Бұл бағытта барлық құзырлы органдардың ортақ көзқарасы мен біртұтас ұстаным қалыптастыруы қажеттігі айтылды.

Осы мақсатта бүгін Қазығұрт ауданында Президент Жолдауында көрсетілген басымдықтар мен «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мәселелері талқыланған актив мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов төрағалық етті.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Түркістан облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Құрмет Керімбеков, сондай-ақ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті, PhD докторы Ермек Бекбосынов қатысты.

Актив мәжілісіне аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары мен мекеме жетекшілері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым және тұрғындар жиналды.

Заң және тәртіп тұжырымдамасы – құқықтық мәдениетті нығайтудың негізі

Жиында сөз алған Ерболат Балғабаев елімізде Үкімет қаулысымен 2025–2030 жылдарға арналған «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы бекітілгенін хабарлады.

– Бұл құжат қоғамда құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, азаматтардың заңды құрметтеуін және оны орындау маңыздылығын түсінуге бағытталған. Тұжырымдама құқықтық тәртіпті сақтауға, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған азаматтық белсенділікті арттыруды көздейді. Сонымен бірге, заң үстемдігін нығайту мен сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар жалғасады, – деді ол.

Президент Жолдауындағы басым бағыттар түсіндірілді

Өз кезегінде Құрмет Керімбеков пен Ермек Бекбосынов Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген негізгі бағыттарға тоқталды.

Олардың айтуынша, ел дамуының жаңа инвестициялық кезеңі басталды. Экономикаға миллиардтаған доллар тартылып, нақты өндірістерге бағытталуда. Инвестицияның арқасында жаңа зауыттар мен жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар, жасанды интеллект – Қазақстанның технологиялық болашағының өзегі екені айтылды.

Спикерлер инфляциямен күрестегі шаралар, әлеуметтік тауарлар мен қызметтердің бағасын тұрақтандыру және импортқа тәуелділікті төмендету бағытындағы бастамаларға да тоқталды.

«AMANAT» партиясы реформаларға толық қолдау білдіреді

Жиында Алтынсары Үмбетәлиев партияның негізгі миссиясы – Мемлекет басшысының бағытын қолдау екенін атап өтті.

– Жолдауда цифрландыру ерекше мәнге ие болды. Бұл – жаңа ұлттық идеяға айналуда. Жасанды интеллект пен жаңа технологиялар еліміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Осы бағытта партия төрағасы Ерлан Қошановтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Цифрлық қоғам» жобасы енді барлық өңірлерде енгізілмек. Жоба аясында азаматтарды цифрлық сауаттылыққа, онлайн-алаяқтықтан қорғануға үйрету және желіде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру көзделіп отыр. Қазығұрт аудандық филиалы да бұл бастаманы жүзеге асыруға дайындалуы қажет, – деді ол.

Тұрақтылық пен тәртіп – ел бірлігінің кепілі

Жиын соңында сөз алған аудан тұрғындары мен ардагерлер тәртіп – тұрақтылықтың тірегі екенін атап өтіп, қоғамның қауіпсіздігі мен жастардың саналы болашағы үшін бірлесе еңбек етуге шақырды.

Қатысушылар Президент Жолдауын толық қолдай отырып, елдің өркендеуіне, әділетті қоғам қалыптастыруға үлес қосу – әр азаматтың парызы екенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ АХМЕДЖАН АНАРТАЕВ ДАУЫС БЕРДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА 4 АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

admin

ЕЛІМІЗДІҢ КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

admin

Пікір жазу