Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

2025 жылғы 30 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде «1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» орай «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараның мақсаты – азаматтарға әлеуметтік қорғау, еңбек және зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер бойынша кеңес беру, тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарына жедел жауап беру болды.

Іс-шара барысында департамент басшысы Бақытжан Нұрмаханов, бөлім басшылары Ж.Жамахова, Л.Бермұхамедова, Е.Әбілқасым және Әдеп жөніндегі уәкіл Д.Оспанова қатысушылармен кездесті. Мамандар әлеуметтік төлемдер, еңбек қатынастары, жұмыс берушілердің жауапкершілігі және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін түсіндірді.

Сонымен қатар кездесуге Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б. Ибадуллаев, «Еңбек мобильділігі орталығы» КЕАҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Б. Досыбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшы орынбасары М. Бимырза, сондай-ақ Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы емдеу-профилактикалық ісі жөніндегі орынбасары Б. Сатыбалды қатысты.

Мамандар тұрғындардың сауалдарын тыңдап, еңбек заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы жүйесіне қатысты нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуге келген азаматтар өздерін мазалаған сұрақтарға толыққанды жауап алды.

Аталған шара тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, әлеуметтік қолдау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

admin

Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі брифинг өткізді

admin

САЙРАМДА ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІ

admin

Пікір жазу