Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚҰРМЕТ» АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

«Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз.
Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті болуы керек», – деген еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ұстаным аясында елдің барлық өңірінде аға буынға қамқорлық көрсету мен еңбек адамдарының мәртебесін көтеру бағытындағы шаралар жүйелі түрде жүзеге асуда.

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Түркістан облысы, Сайрам ауданының Қарасу ауылында жаңа «Құрмет» ардагерлер үйі салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ардагерлер қауымын мерекемен құттықтады.

«Үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: “Ең алдымен, халықтың береке-бірлігін сақтау аса маңызды. Бұл істе елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек”, – деп атап өткен болатын. Осы орайда ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибесі мен өнегесі біз үшін аса қымбат. Жаңа “Құрмет” орталығының ашылуы – сіздерге деген сый-құрметіміздің айқын көрінісі. Баршаңызды айтулы мерекемен және жаңа ғимараттың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!» – деді өңір басшысы.


Заманауи орталық – ардагерлердің игілігі үшін

Жаңа ғимараттың жалпы аумағы 5 мың шаршы метрден асады. Мұнда зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуіне арналған барлық жағдай жасалған:

  • жайлы демалыс бөлмелері мен спорт залы;

  • медициналық тексеру және оңалту бөлмелері;

  • демалыс және терренкур аймақтары;

  • скандинавиялық серуендеу жолы мен абаттандырылған аула.

Орталық бір ауысымда 200 адамды қабылдай алады. Бұған дейін облыс ардагерлеріне 1976 жылы Шымкент қаласында салынған ескі ғимарат қызмет көрсетіп келген болатын. Енді жаңа орталық заман талабына сай жабдықталып, зейнеткерлер үшін жайлы әрі қолайлы жағдай жасалды.

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА «НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК» – ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

admin

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

admin

Пікір жазу