Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПТІК БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Қазығұрт ауданындағы «№11 колледж» МКҚК ғимаратында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, білім саласының ардагерлері, колледж директорлары, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Өз сөзінде аудан әкімі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ел дамуы үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

– Бүгінгі күні техникалық және кәсіптік білім – еліміздің экономикасы мен өндіріс саласының дамуына қажетті білікті мамандарды даярлайтын басты арна. Бұл салада еңбек етіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз – жастардың кәсіби болашағына жол ашып қана қоймай, мемлекетіміздің өркендеуіне зор үлес қосуда. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – бәсекеге қабілетті маман қалыптастырудың негізгі тірегі. Сіздердің шәкірт тәрбиелеудегі табандылықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз елдің болашағы үшін аса маңызды, – деді аудан әкімі.

Мерекелік жиында сала ардагерлері мен үздік ұстаздардың еңбегі еленіп, олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Шара барысында колледж студенттері мен шығармашылық ұжымдар мерекелік концерттік бағдарлама ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бұл мереке – техникалық және кәсіптік білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар мен мамандардың қоғамдағы маңызды рөлін айқындап, олардың еңбегіне құрмет білдірудің айғағы болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӘДІЛДІКТІҢ НЕГІЗІ

admin

НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК: ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ ҚОҒАМ МӘДЕНИЕТІ МЕН ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

admin

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

admin

Пікір жазу