Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

2025 ЖЫЛЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ 467 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ АЛДЫ

             2025 жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 467,3 мыңнан астам тапсырысы орындалды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Атап айтқанда, аталған кезеңде:

  • 345,8 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын алды;

  • 8,5 мың адам – ымдау тілі қызметін пайдаланды;

  • 25,9 мың адам – жеке көмекші қызметін алды;

  • 87,1 мың адам – санаторийлік-курорттық емдеу қызметімен қамтылды.

              Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Қызмет түріне тапсырыс беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы расталады. Ал оңалту құралдары жеткізу қызметі арқылы немесе өз бетінше барып алу жолымен беріледі.

                  Мүгедектігі бар азаматтарды оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар кіреді.

Қазіргі уақытта Әлеуметтік қызметтер порталында:

  • 629 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші,

  • 1045 оңалтудың техникалық құралдарын жеткізуші,

  • 32 мыңнан астам жеке көмекші,

  • 751 ымдау тілі маманы және

  • 134 санаторийлік-курорттық емдеу ұйымы тіркелген.

Бұл көрсеткіштер порталдың қолжетімділігін арттырып, мүгедектігі бар азаматтардың қажетті әлеуметтік және оңалту қызметтерін алу мүмкіндігін айтарлықтай жеңілдетіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ШЫМКЕНТ БОЙЫНША 2 АРДАГЕРГЕ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

admin

Олжас Бектенов кәсіпкерлерді екі апта ішінде салық сомасын әділетті түрде төлеуге шақырды

admin

Шымкентте «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

admin

Пікір жазу