Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ БЕЙІНДІК СЫНЫПТАР АШЫЛУДА

                Жұмысшы мамандықтары жылында еліміздің орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып құру жұмысы қолға алынуда. Бұл бастаманы ҚР Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырып отыр.

Жобаның басты мақсаты – мектеп оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру.

                  Аталған бағдарлама аясында жалпы саны 31 мыңнан астам оқушы кәсіби дағдылармен қамтылмақ. 2025–2026 оқу жылында қазақстандық мектептерде келесі бағыттар бойынша бейіндік сыныптар ашылады:

  • техникалық және инженерлік;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

  • ауыл шаруашылығы және экология;

  • көлік және логистика;

  • қызмет көрсету саласы;

  • шығармашылық және мәдениет;

  • медицина және әлеуметтік қызмет көрсету.

               Бейіндік сыныптар 9–11-сынып оқушыларына арналған. Олар өңірлік еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес жұмысшы мамандықтар мен өзге де салалар бойынша кадр тапшылығын айқындай отырып, оқушыларды нақты кәсіптік бағытқа бейімдеуге мүмкіндік береді.

           Бұл процеске жоғары оқу орындары, колледждер және жұмыс берушілер белсенді түрде тартылуда. Серіктестік негізінде оқушыларға тәжірибелік сабақтар, кәсіпорындарға танымдық экскурсиялар мен кәсіби шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ.

          Айта кетейік, бейіндік сыныптардың бағытын оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге мүмкіндік бар. Бұл – оқушылардың қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес өз кәсіби бағытын таңдауына жағдай жасайды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан өңірінде әйелдердің әлеуетін арттыру және отбасылық құндылықтарды нығайту жұмыстары жалғасуда

admin

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі

admin

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімін қабылдады

admin

Пікір жазу