Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ АХМЕДЖАН АНАРТАЕВ ДАУЫС БЕРДІ

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің №580 сайлау учаскесінде Ұлы Отан соғысының ардагері Анартаев Ахмеджан атамыз өз таңдауын жасады. Қарт майдангер: «Елдің болашағы үшін әрбір қазақстандық сайлауда өз дауысын беруге міндетті. Бүгінгідей ел еңсесін тіктеген шақта ауызбірлігіміз мықты болуы тиіс», — деді.
Сондай-ақ, қарт жауынгер референдумға келушілерге, ондағы комиссия мүшелері мен байқаушыларға бүгінгідей саяси науқанның сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, ақ батасын берді. Жалпы, сайрамдықтардың сайлауға деген белсенділігі жоғары деңгейде көрініс беруде.
Айта кетейік, майдангер ақсақал 1926 жылғы 10 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
Әскерге шақырылғанға дейін «Жұмысшы» ұжымшарында еңбек етті.
1944 жылғы 5 мамырда Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 64-інші атқыштар полкында қызметтен жолынан өтті.
Қатардағы жауынгер әскери шенін алған ол Польшаны азат ету жолындағы шайқастарға, Германиядағы ұрыстарға қаймықпай қатысты.
1949 жылғы 10 сәуірде жарақат алмай, әскерден қайтты.
ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен және мерейтойлық сегіз медалімен марапатталған.
Әскерден келгеннен кейін 1950 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Ә.Науаи атындағы ұжымшарда жүргізуші болып істеді.
Бүгінгі таңда Қарабұлақ ауылында, Ашбұлақ көшесінде тұрады. 9 баласы, 28 немересі, 5 шөбересі бар.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Tulip Hall көпфункционалды кешеніне барды

admin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ШЫҒЫС ШАҚЫРАДЫ» ФОРУМЫ ӨТТІ

admin

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

admin

Пікір жазу