📍 Сайрам ауданы, 2025 жыл, 5 қазан
Құтарыс ауыл округіндегі №589 сайлау учаскесіне жақында ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар — Айғаным Төреқанқызы мен Руслан Шналиев келіп, өз таңдауларын жасады. Жас отбасы сайлауға қатысу арқылы азаматтық борышын орындап, ауданның болашағына үлес қосатынын атап өтті.
Сайлау учаскесінің төрағасы Гүлфаридаш Жүнісова жас жұбайларды қуанышты сәттерімен құттықтап, отбасылық өмірлеріне береке мен бақыт тілеп, естелік сыйлық табыс етті.
Аталған №589 сайлау учаскесінде барлығы 334 сайлаушы тіркелген. Қазіргі таңда науқан жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар белсенділік танытуда.
Айта кетейік, сайлау учаскесінде барлық санитарлық және ұйымдастырушылық талаптар сақталған, бақылаушылар мен байқаушылардың қатысуымен дауыс беру процесі ашық әрі әділ өтуде.
Осындай жарқын сәттер – қоғамдағы азаматтық белсенділіктің және ел ертеңіне деген сенімнің айғағы.
🗳️ #ӘКІМСАЙЛАУЫСАЙРАМ2025
🗳️ #САЙРАМСАЙЛАУ2025
🗳️ #МенДауысБеремін
🗳️ #Ауданүшінтаңдаужасадым
🗳️ #Сайлауғабардым