Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығында полицейлердің күнделікті қызметі мен жанқиярлық еңбегіне арналған «Заң мен Тәртіп» атты фотокөрме ұйымдастырылды.

Көрмеде құқық қорғаушылардың күнделікті көшелерді патрульдеуінен бастап, барынша зейін мен батылдықты, кәсібилікті талап ететін сәттеріне дейінгі жұмысын шынайы бейнелейтін жарқын әрі әсерлі фотосуреттер қойылды.

Әрбір сурет полицейлердің қиын да абыройлы еңбегі туралы баяндайтын тірі құжат іспетті.

Іс-шараның ерекше атмосферасын Ұлттық ұлан оркестрінің өнері толықтыра түсті.

Фотокөрмені жүздеген адам, оның ішінде ересектер мен балалар да тамашалады. Қонақтардың қатарында арнайы «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары да болды. Бұл олар үшін жауапкершілік пен қоғамға қызмет етудің көрнекі әрі шабыттандыратын үлгісі болды. Жастар фотоэкспозициямен танысып, сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті.

– Бұл көрме арқылы полиция қызметкерлерінің қоғам тыныштығын күзету жолындағы еңбегімен жақынырақ таныстық. Мұндағы суреттерден олардың табандылығы мен өз ісіне адалдығы көрінеді. Әр адам көрмеден өзіне қажетті ой түйеді: біреу үшін – бұл үлгі алатын мамандық, енді біреу үшін – құрметке лайық еңбек, ал кейбіреулерге – шабыт беретін оқиға, – деп бөлісті келушілердің бірі.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – халықтың сенімін арттыру мен полицейдің бейнесін Заң мен Тәртіптің қорғаушысы ретінде қалыптастыру.

Көрме барысында, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық қорғау қызметінің мәні туралы ой-пікірлер мен талқылаулар жүргізілді. Қатысушылар полицейлердің күнделікті өмірінде кездесетін қиындықтар мен қайсарлықты сезініп, олардың қызметінің қаншалықты маңызды екенін түсінді. Осылайша, шараның өткізілуі арқылы полицияның қоғамдағы рөлі айқындалып, жастарды құқық қорғаушы мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Фотокөрме жастар үшін болашақта заңды құрметтеу мен өз міндеттерін дұрыс орындауға бағытталған үлгі болды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар алдағы уақытта осындай шараларды тұрақты түрде өткізіп, құқық қорғау органдарының жұмысын таныстыруды жоспарлап отыр. Бұл қоғам мен полиция арасындағы байланысты нығайтуға және халықтың құқық қорғаушыларға деген сенімін арттыруға зор үлес қосатыны сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте Ата Заң айбыны асқақтады

admin

«Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық ісшарасы ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртты 

admin

Профилактика бытового насилия: новые меры в Шымкенте

admin

Пікір жазу