Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

«ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ – ЕЛ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ буллингке қарсы мәдени көзқарасты қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің жастарына арналған «Тәрбиелі ұрпақ – ел тірегі» тақырыбындағы маңызды кездесу Шымкент қаласында өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жастар арасында адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ қоғамға пайдалы, жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу жолдарын талқылау болды.

Іс-шараға Шымкент қаласының прокуратурасынан аға прокурор Дінислам Русланұлы Әлжан, «Az-UIA (Әз-Ұя)» қоғамдық бірлестігінің педагог-психологы Алтынбек Срайылұлы Боранбек, сондай-ақ PhD докторы, доцент және тәжірибелі психолог, гештальт-терапевт Салтанат Сайлауқызы Асанова қатысып, өздерінің білімі мен тәжірибелерімен бөлісті. Олар жастарға өмірдің маңызды аспектілері мен қоғамдағы жауапкершілікті сезінудің маңыздылығын түсіндірді.

Кездесу барысында жас ұрпақтың тәрбиесі, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, отбасылық тәрбие үлгісін насихаттау, құқықтық мәдениетті арттыру және буллингтің алдын алу мәселелері кеңінен қарастырылды. Спикерлер жастарға әлеуметтік ортада дұрыс қарым-қатынас орнатудың, сондай-ақ әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығын арттырудың қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға буллингтің алдын алу, оның қоғамға зияны және жастар арасындағы өзара құрметті қалыптастырудың әдістері жайлы кеңестер берілді.

Кездесу соңында қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, жастарға бағыт-бағдар беретін құнды кеңестер айтып, олардың болашақта өздерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.

Жас ұрпаққа арналған осындай кездесулердің маңыздылығы ерекше. Олар жастардың азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, қоғамда бейбітшілік пен келісімнің орнауына өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар, бұл іс-шаралар жастардың өз құқықтары мен міндеттерін түсінуіне көмектесіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Бұған қоса, осындай кездесулердің нәтижесінде жастардың бір-біріне деген құрметі мен түсіністігі артып, олар өздерін тек жеке тұлға емес, бүкіл қоғамның жауапты мүшесі ретінде сезінетін болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ

admin

«Бақытты отбасы — бақытты ел» республикалық акциясы аясында дөңгелек үстел өтті

admin

Определены победители массового забега «Shymkent Marathon – 2025»

admin

Пікір жазу