Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Қоғам

Құқықбұзушылықтың алдын алу: Жастармен жұмыс

Қазіргі қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың түрлі құқыққа қарсы әрекеттерге баруына жол бермеу және балалардың жан-жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Бұл міндет еліміздің болашағы саналатын өскелең ұрпақтың денсаулығы мен өміріне, олардың құқықтары мен еркіндіктеріне тікелей байланысты.

Осы маңызды бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның бір дәлелі ретінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Қаратау ауданына қарасты №130 жалпы орта білім беретін мектепке арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен тәрбиелік маңызы зор кездесу өткізді.

Бұл іс-шараға Шымкент қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Карбеков және Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңестің мүшесі, қоғам белсендісі Бахадыр Бекарыс қатысты.

Кездесу барысында мамандар оқушылармен ашық диалог форматында әңгіме өрбітіп, оларды құқықбұзушылық пен тәртіпсіздікке жол бермеуге, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын берік ұстануға шақырды. Сонымен қатар, бос уақытты тиімді әрі мазмұнды өткізу, шығармашылық және зияткерлік дамуға көңіл бөлу сынды мәселелер де кеңінен сөз болды.

Сала мамандары оқушыларға қылмыстық жауапкершілік жасын нақты түсіндіріп, заң бұзушылықтың қандай ауыр салдарға әкеліп соғуы мүмкін екенін мысалдар арқылы жеткізді. Сондай-ақ, олардың болашақта елге пайдалы, адал әрі білімді азамат болып қалыптасуы үшін мектеп қабырғасынан бастап жақсы тәртіп пен жоғары білімге ұмтылу қажеттігін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында полиция қызметкерлері адамның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандықтарынан асқан құндылық жоқ екенін баса айтып, қауіпсіз әрі бейбіт қоғам құру – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді.

Мұндай іс-шаралар балалардың құқықтық санасын арттырумен қатар, олардың бойында жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімді нығайтуға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, бұл кездесулердің маңыздылығы тек оқушылардың білімін арттырумен шектелмейді. Олар жастардың әлеуметтік ортада дұрыс бағытта дамуына, теріс әрекеттерден аулақ болуына және өз болашағын жауапкершілікпен жоспарлауына ықпал етеді. Әрбір жас адамның қоғамда өзіндік орны мен міндеті бар екенін түсінуі, ертеңгі күні өз таңдауларын дұрыс жасауына үлкен әсерін тигізеді. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі – зиянды әрекеттердің алдын алып, еліміздің дамуына үлес қосатын ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»

admin

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ПАТРИОТИЗМ – БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН ШЫНАЙЫ ҰМТЫЛЫС

admin

Қызметіне адал полицей Жанна

admin

Пікір жазу