Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Қоғам

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БАҚЫТЫ МЕН БЕРЕКЕЛІ ӨМІРІ – ОРТАҚ МАҚСАТ

«Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан.
Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық.
Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет.
Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі, бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан барлық реформаны салмақты көзқараспен, мұқият, жан-жақты ойластырып, сапалы түрде жүзеге асыруымыз керек» -деді Президенттің Жолдауында.

Заман ағымынан қалыс қалмау, қазіргі жаһандық сын-қатерлер дәуірінде цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуына ілесу – еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін аса қажет қадам.
Мемлекет басшысы атап өткендей, өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат. Ол үшін әрқайсымыз табанды еңбек етіп, бір ұлт ретінде біріге білуіміз қажет.
Қандай жағдайда да міндетті түрде табысқа жету- Қазақстанның болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан реформаларды салмақты көзқараспен, жан-жақты ойластырып жүзеге асыруға үлес қосу өте маңызды.

Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын болашақ көшбасшы. Олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау  үлкен жауапкершілік. Қазіргі таңда тек білім ғана емес, оны өмірде қолдана білу, технологиямен тіл табысу қабілеті маңызды. Сондықтан балалар мен жастардың шығармашылығын, ғылымға деген қызығушылығын, кәсіпкерлік бастамаларын жан-жақты қолдау қажет.

Бәсекеге қабілетті ұлт – сапалы білім мен саналы тәрбие арқылы қалыптасады. Бұл жолда ұстаздар мен ата-аналардың, қоғам мен мемлекеттің мүддесі бір арнада тоғысуы керек. Өйткені өскелең ұрпақ – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі. Олардың өмірі берекелі, болашағы жарқын болсын десек, әрбір азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Бүгінгі қабылданатын шешімдер – болашақ ұрпақтың тағдырына тікелей әсер етеді. Сол себепті барлық реформа терең талданып, ұзақ мерзімді табысқа бағытталуы шарт. Ел болып еңсе тіктеу – бірлікте ғана жүзеге асады.

Ұқсас жаңалықтар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: азаматтарға арналған цифрлық сервистер: ыңғайлы, жедел әрі ашық

admin

В Шымкенте проверено более пяти тысяч владельцев оружия в ходе операции «Қару»

admin

Послание – 2024: как ведётся масштабная модернизация топливно-энергетического комплекса

admin

Пікір жазу