Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Қоғам

ҚОМАҚТЫ ИНВЕСТИЦИЯСЫЗ ӨРКЕНДЕУ ЖОҚ

Президент Жолдауда маңызды міндеттердің бірі ретінде елге қомақты инвестиция тарту керек деп атап көрсетті. «Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет»-деді, Мемлекет басшысы.

Шынымен де қазір бүкіл әлемде инвестиция үшін бәсекелестік күшейіп барады. Қазақстан да осы сынға лайық жауап беріп, жаңа инвестициялық кезеңді бастауға тиіс. Сондай-ақ, бүгінге дейін келген қаржының көбі шикізат саласына бағытталды. Бұл да қажет, себебі ол біздің экономикамыздың тірегі болып отыр. Бірақ болашақта тек шикізатқа арқа сүйеу жеткіліксіз. Енді өндіріс, инновация, цифрлық технология, жасыл энергетика сияқты салаларға қомақты инвестиция тарту маңызды.
Сондықтан, – инвестиция саясатын әртараптандырып, еліміздің дамуына ұзақ мерзімді серпін беретін жобаларға басымдық берген жөн. Бұл – Қазақстанның тұрақты өсімі мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін қажет қадам.

Еліміздің экономикалық құрылымын әртараптандыру – уақыт талабы. Инвестицияларды қайта бағдарлап, өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жоғары технология, цифрландыру, жасанды интеллект және жасыл энергетика сияқты салаларға көбірек тарту қажет. Бұл бағыттар Қазақстанның тұрақты дамуы мен жаһандық өзгерістерге бейімделуінің негізгі тіректеріне айналуға тиіс.

Президент Жолдауда инвестициялық саясатты түбегейлі жаңғырту қажеттігін баса айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында заңнамалық негізді жетілдіру, стратегиялық жобаларға мемлекет тарапынан қолдау тетіктерін күшейту, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Синтетикалық есірткі – жас ұрпаққа қауіп

admin

Ынтымақ пен татулық – елдің ең қымбат қазынасы

admin

Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары

admin

Пікір жазу