Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

Отбасы – қоғам тірегі: зорлық-зомбылықтың алдын алу – ортақ міндет

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 2025 жыл “Заң мен тәртіп” жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай еліміздің барлық өңірлерінде құқықтық тәртіпті нығайтуға, қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған түрлі іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Осы бастама аясында Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында кешенді жұмыс жалғасуда. Ағымдағы аптада «Отбасын қолдау орталығы» КММ-де арнайы дөңгелек үстел форматында кездесу ұйымдастырылды.

Шараға Шымкент қалалық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторлары, сондай-ақ Абай, Еңбекші және Тұран аудандары бойынша жұмыс жүргізетін бөлімшелердің мамандары мен «Отбасын қолдау орталығының» заңгері Г.К. Мырзалиева қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар агрессор мен жәбірленушілерге құқықтық кеңес беру, олармен жеке жұмыс жүргізу жолдары, отбасылық жанжалдардың алдын алу тетіктері, қорғау нұсқамасын беру тәртібі және уақытша бейімдеу орталықтарының жұмысы туралы нақты ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, полиция инспекторлары отбасы құндылықтарын сақтау, өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, дағдарыстық жағдайлардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты өмірден алынған мысалдар арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары мен оның алдын алу жолдары туралы пікір алмасты.

Мұндай шаралардың басты мақсаты – отбасы ішіндегі жанжалдардың алдын алу ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік ахуалды тұрақтандыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.

Отбасы – қоғамның іргетасы. Ал бұл іргетастың берік болуы – әрбіріміздің ортақ жауапкершілігіміз. Шымкент қаласының полиция қызметкерлері осындай кешенді жұмыстарды одан әрі жалғастырып, әрбір отбасында тыныштық пен өзара түсіністік орнауына үлес қоса бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық бірліктің символы — Амал мерекесі

admin

Рамазан – мейірім мен берекенің айы

admin

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

admin

Пікір жазу