6 Желтоқсан, 2025. 15:55
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

Зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме дәріс өткізілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы Оқу орталығында маңызды әлеуметтік тақырыпты арқау еткен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараның тақырыбы – «Зорлық-зомбылыққа қарсы профилактика және көмек».

Аталған дәріске Шымкент қалалық Полиция департаментінің бірқатар құрылымдық бөлімшелерінен тәжірибелі мамандар қатысты. Атап айтқанда, Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚБ ОТЗЗҚКБ инспекторы, полиция лейтенанты Еркінбек Әсел Икрамқызы, Тұран АПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Қиюбек Наргиза Жәдетқызы, сондай-ақ Қаратау АПБ ЖПҚБ ОТЗЗҚКБ бастығы, полиция капитаны Амануллаева Динара Айтшанова мен инспектор полиция аға лейтенанты Куралова Диана Ержанқызы белсене атсалысты.

Дәріс барысында қоғамда кездесетін тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері, олардың алдын алу жолдары, жәбірленушілерге көрсетілетін құқықтық және психологиялық көмек, сондай-ақ әрекет ету алгоритмдері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушыларға дағдарыс орталықтарының қызметі, сенім телефондары, заңнамалық нормалар, және жедел әрекет ету механизмдері туралы нақты ақпараттар ұсынылды.

Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қажетті жағдайларда көмекке жүгіну мәдениетін дамыту. Полиция өкілдері өз сөздерінде әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен тыныштығы – қоғамның тұрақтылығы мен болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Шымкент қаласы Полиция департаменті алдағы уақытта да осындай түсіндірме жұмыстарын жалғастырып, қоғамда отбасы ішіндегі және қоғамдық орындардағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жан-жақты шаралар жүргізуді көздеп отыр.

Бұл бағыттағы жүйелі түсіндіру жұмыстары халықтың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтардың уақытылы көмекке жүгінуіне, өз құқықтарын қорғауына және қиын жағдайдан шығу жолдарын білуіне мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫМЕН БІРЛЕСІП АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ӘЗІРЛЕДІ

admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ SMART CITY ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

admin

ШЫМКЕНТ: 2025 ЖЫЛЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ

admin

Пікір жазу