Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

«Абайлаңыз, балалар!» акциясы басталды: баланың жолдағы қауіпсіздігі – басты назарда

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасы 2025 жылғы 25 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында қала аумағында өткізілетін дәстүрлі «Абайлаңыз, балалар!» кең ауқымды акциясының басталғаны туралы хабарлайды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты — жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың, мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің жол қозғалысы кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жүргізушілер мен ата-аналардың жеке жауапкершілігін арттыру.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Жаңа оқу жылы басталғанда, қала көшелерінде, әсіресе мектептер мен балабақша маңында жаяу жүргінші — соның ішінде балалар легі күрт артады. Бұл — жолда абайлық пен ерекше назар талап ететін кезең.
Құрметті жүргізушілер!
Жолда жүргенде жылдамдықты шектен асырмаңыздар;
Мектеп аймақтарында, жаяу жүргіншілер жолағында және бағдаршам маңында барынша сақ болыңыздар;
Балалар әрдайым ересектердей әрекет етпейді. Сондықтан кез келген сәтте жолға жүгіріп шығуы мүмкін екенін ескеріңіздер;
Көлік жүргізу кезінде телефон қолданбаңыздар, назарды тек жолға аударыңыздар;
Бала өмірі – ең қымбат байлық. Бір сәттік салғырттық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңызға жолда жүру ережелерін жиі ескертіп отырыңыздар;
Мектепке немесе балабақшаға барар жолды бірге жүріп өтіп, қауіпті аймақтарды түсіндіріңіздер;
Балаларға жолды тек жаяу жүргіншілер өткелінен өту керектігін және көлікті тек толық тоқтаған соң ғана кесіп өтуге болатынын үйретіңіздер;
Таңертең және кешкі уақытта балаларыңызды өзіңіз алып жүруге тырысыңыз немесе сенімді ересекке тапсырыңыз.
Мектеп ұжымдары мен тәрбиешілерге үндеу:
Сабақ басында оқушылармен жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік ережелері жөнінде түсіндіру сабақтарын өткізіңіздер;
Мектеп маңындағы жаяу жүргінші өткелдерінің, жол белгілерінің жай-күйін тексеріп, қажет болса, құзырлы органдарға ұсыныс беріңіздер;
Жас патрульдер мен мектеп инспекторларымен бірлесе отырып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысыңыздар.
Бала қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Жолдағы тәртіп пен сақтық – балаларымыздың амандығының кепілі.
Абай болайық, сақ болайық – балаларды қорғайық!
Ұйымдастырушы:
Еңбекші аудандық полиция басқармасы
Акция мерзімі: 25 тамыз – 10 қыркүйек, 2025 жыл

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

admin

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: АЛАЯҚТЫҚ, ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ

admin

Задачи августа: образование, инфраструктура и безопасность

admin

Пікір жазу