Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

БЕТ-ЖҮЗДІ ЖАСЫРАТЫН КИІМГЕ ТЫЙЫМ САЛУ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкентте бет-жүзді тұмшалайтын киім түрлеріне тыйым салатын жаңа заң нормасын түсіндіруге арналған арнайы жиын өтті. Іс-шараға прокуратура өкілдері, дін істері басқармасының басшысы, теологтар мен заңгер мамандар қатысты. Жиын барысында құқық қорғау органдары мен дін өкілдері жаңа талаптың мәнін ашып, қоғамда орын алуы мүмкін сұрақтарға жауап берді.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 30 маусымда қабылданып, 12 шілдеден бастап күшіне енген заң бойынша, қоғамдық орындарда адамның бетін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынады. Бұл талап қызметтік міндеттерді орындау, медициналық мақсаттар, ауа райы жағдайлары, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысты ерекшеліктерді ескереді.
-Бұл заңның мақсаты – қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол діни сенімге қысым жасау емес. Осы заң қабылданғалы бері, бір ай ішінде түрлі түсіндіру жұмыстарын өткізіп келеміз. Дәстүрлі діни киімдерге шектеу қойылмайды, тек бет-жүзді толық жабатын үлгілерге ғана тыйым салынады. Никаб немесе бетті толық тұмшалайтын өзге де киім түрлерін қоғамдық орындарда кию шектеледі. Исламда бет жабу парыз емес, – деп түсіндірді Шымкент қалалық дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев жиын барысында.
Заңгерлердің айтуынша, заң нормасы түсіндіру жұмыстарымен қатар жүруі тиіс.
-Талап дұрыс түсіндірілмесе, кей азаматтарда күмән туындауы мүмкін. Сондықтан бұл бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасады, – деді құқық қорғау саласының өкілі.
Жиын соңында қатысушылар заңның қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы маңызын атап өтті. Қоғамдық орындарда тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бұл норма белгілі бір жағдайларды ескеріп, діни сенім бостандығын шектемейтінін мамандар тағы бір мәрте нақтылады.
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін мұндай шаралардың маңызы зор, өйткені бұл қоғамдық орындарда тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, заңның дұрыс түсіндірілмеуі мен қабылдануына қатысты туындаған сұрақтар бойынша ақпараттық жұмыстарды күшейту қажеттілігі туындап отыр. Бұл заңның қабылдануы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында жасалып отыр, әрі азаматтардың діни сенім бостандығына ешқандай қысым көрсетілмейді.

Ұқсас жаңалықтар

WORLD CLEANUP DAY АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin

Шымкент қаласының әкімі Тұран ауданы тұрғындарымен кездесті 

admin

«Абайлаңыз, балалар!» акциясы басталды: баланың жолдағы қауіпсіздігі – басты назарда

admin

Пікір жазу