Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

Қауіпсіз жол — әркімнің жауапкершілігі

Құрметті жастар!

Біз — Қазақстан жастары, өз өміріміз бен айналамыздағы адамдардың амандығын ойлайтын саналы ұрпақпыз. Бүгінгі таңда қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіптің сақталуы біздің жауапкершілігімізге тікелей байланысты. Осы орайда Патрульдік полиция полкі мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті бірлесіп, «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп отыр. Бұл шараның басты мақсаты — баршаңызды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақыру.

Жолдағы бір сәттік қателік — орны толмас өкінішке әкеледі. Сондықтан әрбір шешіміміз, әрбір әрекетіміз маңызды. Жылдамдық — ерлік емес, қауіп. Өзіңіздің жылдамдығыңызды бақылау, қауіпсіз арақашықтықты сақтау — тек өзіңізге ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік тудырады. Жаяу жүргіншіге жол беру — адамгершіліктің белгісі. Жолда жүріп жатқан әрбір адамға құрметпен қарау, оның өміріне жауапкершілікпен қарап, дұрыс шешім қабылдау — бұл қоғамда өзара түсіністік пен адамгершілік мәдениетінің қалыптасуына септігін тигізеді.

Мас күйде көлік жүргізу — өз өміріңе де, өзгенің өміріне де қауіп төндіреді. Бұл — тек заңға қайшы әрекет емес, адамның өмірін қауіпке тігетін ірі қателік. Біз, жастар, жолдағы тәртіпке үлгі болып, қауіпсіздікті сақтауға, ақылмен шешім қабылдауға міндеттіміз.

«Қауіпсіз жол» — тек іс-шара емес, бұл — әр адамның өмір сүру мәдениеті мен жауапкершілігі. Өз өміріміздің ғана емес, айналамыздағы адамдардың қауіпсіздігі үшін де жауаптымыз. Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздікке мән бере отырып, біз қоғамға деген өз үлесімізді қоса аламыз.

Ережені сақтау — өмірді сақтау. Жақыныңа жанашыр бол, жолда саналы бол! Әрқайсымыздың ұсақ әрекетіміз үлкен нәтижеге әкеліп, бүкіл қоғамды сақтандыруға септігін тигізеді. Бірге — қауіпсіз Қазақстан үшін!

Қауіпсіз жол — сенің таңдауың, сенің жауапкершілігің!

Ұқсас жаңалықтар

Әл-Фараби ауданының полиция қызметкерлері мектеп оқушыларымен профилактикалық іс-шара өткізді

admin

«Шымкент обновляет автобусный парк: на маршруты вышли новые автобусы»

admin

В ШЫМКЕНТЕ ТОРЖЕСТВЕННО ОТКРЫЛСЯ НОВЫЙ УЧЕБНЫЙ КОРПУС ВОЕННОГО КОЛЛЕДЖА ИМЕНИ САБЫРА РАХИМОВА

admin

Пікір жазу