Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

Серуен аймағында велосипед пен самокат жүргізуге тыйым салынады!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Өткен жылы Қажымұқан стадионы мен Дендросаябақ арасындағы бұрынғы балалар теміржолының орнына жаңа серуен аймағы салынып, бұл аймақ қала тұрғындары үшін біршама уақыттан бері өте танымал болды. Алайда, осы уақыт ішінде серуен аймағын пайдаланып келген велосипедшілер мен самокатшылардың әрекеттері бірқатар қауіпсіздік мәселелерін туындатты.

Бүгінгі күнге дейін серуен аймағында тек жаяу жүргіншілер ғана емес, велосипедшілер мен самокатшылар да жиі жүрген болатын. Бірақ, тұрғындар тарапынан түскен көптеген өтініштерді ескере отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дүйсенбіден бастап, бұл аймақта велосипед пен самокат жүргізуге тыйым салынады.

Осыған дейін велосипед пен самокаттардың жоғары жылдамдықпен жүріп, бірнеше рет адамдарды қағып кету сияқты қауіпті жағдайлар орын алған. Бұл жағдайлар қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіргендіктен, тиісті шара қабылданды. Алдағы уақытта бұл аймақ тек жаяужүргіншілер үшін серуен аймағы ретінде қалатын болады. Қазіргі таңда жол белгілері толық жаңартылып, тыйым салынған жерлерде арнайы белгілер орнатылды.

Велосипедшілер мен самокатшылар үшін арнайы жаңа жолдар салынды. Сонымен қатар, «Денсаулық жолы» деп аталатын жаңа веложолдың жалпы ұзындығы 13,1 шақырымды құрайды. Бұл жолдың алғашқы бөлімі Бәйдібек би даңғылы мен Бозарық айналма жолы арасында 3,5 шақырымдық веложол болып ашылды. Осы жаңа жолда барлық велосипедшілер мен самокатшылар серуендеуге мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта бұл бағыт А-2 айналма жолы мен Ипподромға дейін жалғасып, тағы да 4,1 шақырымдық веложол салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар велосипедшілер мен самокатшыларға қала ішінде қауіпсіз әрі ыңғайлы жүруге мүмкіндік береді.

Тұрғындарымызға қауіпсіз серуендеу және қозғалыс тәртібін сақтау үшін жасалған шаралар түсіністікпен қабылданады деп сенеміз!

Жаңа тәртіп тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған маңызды қадам болып табылады. Бұл шаралар қалада велоспортты дамытудың бір бөлігі ретінде қала тұрғындарының денсаулығын жақсартуға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Алдағы уақытта, арнайы веложолдардың кеңеюі арқылы велосипедшілер мен самокатшылар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалыс жағдайлары одан әрі жақсарады.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРІЛУДЕ

admin

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫМЕН БІРЛЕСІП АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ӘЗІРЛЕДІ

admin

Шымкентте 1276 гектар өндірістік алаңда 305 инвестициялық жоба іске асуда

admin

Пікір жазу