Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Қоғам

«Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті»

Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті еліміздің әрбір азаматына белгілі. Өйткені, қоғамдық орындарда дұрыс тәртіп сақтау – адамгершілік пен мәдениеттің көрінісі ғана емес, сонымен қатар қоғамның тыныштығын сақтаудың басты қағидаты болып табылады. Біздің күнделікті өмірімізде көшеде, қоғамдық көліктерде, сауда орталықтарында және басқа да көпшілік орындарында басқа адамдармен өзара іс-әрекетте боламыз. Сондықтан, осы ортада өзін-өзі ұстау өте маңызды. Әр адам өз іс-әрекетімен айналасындағы адамдарға қолайсыздық тудырмауға, жалпы тәртіп пен тыныштықты бұзбауға тырысуы керек.

Алайда қоғамда бұл ережелерге немқұрайлы қарайтын адамдар да бар. Қоғамдық орындарда былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға зәбір көрсету немесе адамдарға құрметсіздік таныту – бүгінде жиі кездесетін жағдайлар. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзумен қатар, әлеуметтік тыныштықты да бұзады, бұл өз кезегінде қоғамдағы барлық азаматтардың әл-ауқатына кері әсерін тигізеді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы қоғамдық орындардағы тәртіпсіздіктерді айқын белгілеп, мұндай әрекеттер үшін айыппұл немесе әкімшілік қамаққа алу шараларын қолдануды көздейді. Бұл заңнамалық өзгерістер қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға, әрбір азаматтың құқықтарын құрметтеуге, сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Одан бөлек қоғамдық жерлерде қылмыс жасап, соның азабын көріп жатқандарда аз емес.

Айтар болсақ, ағымдағы жылдың бас кезінде «Б» есімді азамат өзінің таныстарын көше бойында кетіп бара жатқанын көріп, оларды тоқтатып, бірге отырып өзара әңгімелесіп тұрып, өздерімен бірге болған спирттік ішімдікті ішіп тұрған. Сол кезде «Б» есімді азамат масаң күйде, көшенің бойында қоғамдық орында, барынша арсыздықпен сол жерде болған жәбірленуші «Е» есімді азаматқа қарап, ар-намсына тиетін сөздерді айтып, қоғамдық орында көшенің бойында, болмашы себептерді негізге алып, барынша арсыздықпен, қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін әрекеттер жасап, ас үй пышағын өзінің оң қолына алып, жәбірленуші «Е» есімді азаматтың артынан барып, сол жақ жамбас тұсынан бір рет соққы жасап, оның денсаулығына зиян келтірген.

Нәтижесінде «Б» есімді азамат Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бас бостандығын айыру түріндегі жазасы тағайындалған.

Сондықтан дақоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін сақтамаған азаматтар шығынға батып, өз қалтасынан айыппұл төлеп қана қоймай, жазасын темір тордың аржағында өтеуі әбден мүмкін екендігін біле білген жөн.

Еңбекші ауданының прокуратурасы

Ұқсас жаңалықтар

Заң саласындағы үздіктер марапатталды

admin

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»

admin

Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың іргетасы

admin

Пікір жазу