6 Желтоқсан, 2025. 16:55
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – ерекше жандарға сенімді тірек

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы Жангелдин көшесі №13А мекенжайында орналасқан. Мұнда І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетіледі. Орталықта бір мезетте 70 адамға дейін қабылдау мүмкіндігі бар, ал қызмет алушылар күніне үш мезгіл тегін тамақпен қамтылады.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 321 адам арнаулы қызмет алған.

Медициналық қызмет шеңберінде емдік дене шынықтыру, парафинотерапия, массаж, фито-шай, физиотерапия (УФО, электрофорез, биоптрон, магнитотерапия) ұсынылады. Екі арнайы бөлмеде реабилитологтар бақылауымен жаттығу құрылғылары арқылы оңалту шаралары жүргізіледі. Ғимараттың үш қабатында гидромассаж, тұзды ванна және циркулярлы душ сияқты сумен емдеу кабинеттері жұмыс істейді.

Еңбек терапиясы бөлімінде 206 адам қолөнер мен тігін ісіне тартылып, кейбірі өз бұйымдарын сатуға шығарған. Мәдени бағытта 321 қызмет алушы түрлі үйірмеге қатысып, концерттерге белсене атсалысты. Домбыра, гитара, сырнай, вокал, шешендік өнер бағыттарында шеберлік сабақтары өткізіліп, қызмет алушылар концерттік бағдарламаларға белсене қатысқан.

Психологиялық қолдау аясында жеке сұхбаттар мен тренингтер өткізіліп, қызмет алушылардың көңіл күйі мен өзара қарым-қатынасы жақсарды.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin

Қазақстан бойынша 1,8 миллионнан астам оқушы суды үнемдеп пайдалану тақырыбында ашық сабақтарға қатысты

admin

Балалардың қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ жауапкершілігі

admin

Пікір жазу