6 Желтоқсан, 2025. 11:33
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Биыл қаламыздағы Ту көтеру рәсімі мен салтанатты жиын Шымсити шағынауданындағы Ту тұғыры алаңында өтті. Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткізілген іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар қатысты.

Жуырда ғана ел игілігіне берілген алаңға жиналған көпшілік мемлекеттік рәміздерді ұлықтап, елге деген сүйіспеншілігін көрсетті. Әнұранымыз әуелеген салтанатты іс-шарада қала жастары сап түзеп, мемлекеттік рәміздерге құрмет білдірді. Бұл құрамға жергілікті жас спортшылар, өнерлі жастар да қосылды.
Атаулы күннің өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде, елдігімізді танытуда маңызы айрықша. Еліміздің барлық аймағында осылайша бір мезетте Әнұран шырқалып, көк Ту көтерілді.

Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Байрағы биік елдің рухы асқақ!

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әлеуметтік‑экономикалық дамуы: инвестициялар, кәсіпкерлік және халықтың тұрмыс сапасын арттыру

admin

ТҮРКІСТАНДА ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРГЕН ФЕСТИВАЛЬ ЖӘНЕ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

admin

БАРЛЫҚ АУДАН ЖӘНЕ ҚАЛА АУМАҒЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕР ҚҰРЫЛУДА

admin

Пікір жазу