Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
СпортШымкент

Шымкентте Ұлттық спорт түрлері дәріптелді 

20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Шымкенттегі атшабарда ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар өз шеберліктерін түрлі сындарда көрсетті.
Алдымен үміткерлер атпен кедергілерден секіріп өтіп, шеберліктерін сынады. Бұдан кейін шабандоздардың ептілігі сынға түсті. Олар қысқа уақыт ішінде атпен шауып келіп, жерде жатқан теңгелерді іліп алып, қазақ халқының ат үстіндегі өнерін паш етті.
Күш-қуаты мол, батыл шабандоздар аударыспақта белдесіп, ат үстіндегі шеберліктерін тағы бір дәлелдеді. Бұл додада қатысушылардың шапшаңдығы мен айла-тәсілі маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, ұлттық спорттың ажырамас бөлігі саналатын көкпар, қыз қуу секілді сайыстарды да қызыға тамашалаушылар көп болды. Бұл жарыстар көрермендердің делебесін қоздырып, нағыз ұлттық рухтың қаншалықты биік екенін көрсетті.
Мұнан кейін атшабарлар құнан бәйгесіне қатысып, дүбірлі доданың көркін қыздырды. Шабандоздардың тақымының мықтылығын сынайтын «Топ бәйге», «Ұшқыр бәйге» және «Аламан бәйге» сайыстары тартысты өтіп, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.
Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылған бұл шаралар халқымыздың дәстүрлі спорт түрлерін дәріптеп, жастардың қызығушылығын арттыра түсті. Мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетімізді сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ,
«Шымкент келбеті»

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

admin

ШЫМКЕНТ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ

admin

ҚАЛА КЕЛБЕТІН ЖАҚСАРТУ: ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАР АЛЫНЫП ЖАТЫР

admin

Пікір жазу