Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Мәдениет

«Ұлы дала елі» орталығында ұлттық спорт күні аталып өтті

«Ұлы дала елі» орталығында ұлттық ойындар дәріптелді. Қазақ халқының ұлттық ойындары – ата-бабаларымыздан қалған асыл мұра. Олар тек ойын-сауық құралы ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік мәні зор дәстүрдің бірі.
Орталық қызметкерлері арасында арқан тартыс, тоғызқұмалақ және асық ату ойындары ойнатылып, қатысушылар ұлттық мұраның ерекшеліктерімен жақынырақ танысты. Бұл ойындар командалық рухты нығайтып, қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты дамытты.
Осындай іс-шаралардың басты мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау, ұлттық ойындарды дәріптеу және болашақ ұрпаққа жеткізу. Қызметкерлер үлкен қызығушылық танытып, ұлттық ойындардың маңыздылығын наихаттады.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ДЕБАТАМ СТАРТОВАЛ В ШЫМКЕНТЕ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ОТБАСЫМЫЗБЕН ДАУЫС БЕРЕМІЗ!» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

admin

Астанада «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерті өтті

admin

Пікір жазу