Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарМәдениет

Алматыда Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен тойлануда

Бүгін Алматы нағыз көктем мерекесінің орталығына айналды – қала Наурыз мейрамын ерекше сән-салтанатпен тойлауда. Мерекелік алаңдар мегаполистің түкпір-түкпірінде пайда болды, дәстүр бойынша басты концерт Астана алаңында өтуде. Таң сәріден бері мұнда шаттыққа толы атмосфера, ұлттық рух пен бірліктің айқын көрінісі сезіледі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев салтанатты шараға қатысып, жаңару, татулық пен береке символы – Наурыздың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мерекеге Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Асанәлі Әшімов, Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және көптеген зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрермендерге «Алматы – Наурыз құшағында» атты ауқымды концерт ұсынылды. Онда аңызға айналған өнер жұлдыздары: «Дос-Мұқасан» ансамблі, Майра Мұхамедқызы, Жанар Айжанова, Өмірқұл Айниязов, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Жазира Байырбекова, Игорь Благородный, Төлеген Рахымбаев, «КешYOU» тобы, Диная, AyaFunk және басқа да танымал өнерпаздар өнер көрсетті.

Мерекелік шаралар 23 наурызға дейін жалғасады. Күн сайын сағат 22:00-ге дейін қала қонақтары мен тұрғындары Juldyzdy Almaty фестивалі аясында жарқын концерттерді, театр қойылымдарын, ұлттық ойындарды, түрлі перформанстар мен қолөнер жәрмеңкелерін тамашалай алады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері Амал күнін қарсы алды

admin

Шымкентте Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ісшара өтті 

admin

Алматыда Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтті

admin

Пікір жазу