Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
АймақМәдениет

Облыстық музейде ұлттық салт-дәстүр насихатталды

Бүгін Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып бекітілген. Осыған орай, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлттық салт-дәстүрлер насихатталды.
Музейдің кіші ғылыми қызметкері №144 орта мектебінің оқушыларына «Көктем шуағы: Наурыздың тарихы мен дәстүрлері» тақырыбында танымдық лекция өткізді. Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы баяндалып, Наурыз мерекесінің тарихи маңызы түсіндірілді.
Айта кетейік, онкүндік аясында облыстық музей мен оған қарасты филиалдарда іс-шаралар жоспарланып, күнделікті аталып өтуде.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Әз Наурыз қарсаңында «Turkistan» ансамблінің алғашқы концерті өтеді 

admin

ТҮРКІСТАНДА ҚЫДЫР АТА БАТА БЕРІП, ӨНЕРПАЗДАР ӘН-ЖЫРДАН ШАШУ ШАШТЫ

admin

Түркістанда «Махаббат сыры» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтті 

admin

Пікір жазу