Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

«Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық ісшарасы ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртты 

Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени концерттік бағдарламалар көпшілік назарына ұсынылды.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков көпшілікпен бірге мерекелік бағдарламаларды тамашалады.
Ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртқан мерекеде қала тұрғындары мен қонақтары салттық дәстүрлер көрінісі, ат әбзелдері мен зергерлер, ұлттық сусындар алаңы, ұлттық киіз үйлер орталығы, түрлі ұлттық ойындар алаңы және тағы басқа іс-шараларға куә болды.
Қазақтың дәстүрі мен мәдениетін дәріптейтін «Қошқар ата сейілі» мерекесі қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢА ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ МЕН ЖАСЫЛ БЕЛДЕУДІ КЕҢЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

admin

СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin

Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне

admin

Пікір жазу