Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Аймақ

Түркістан: ауылдардағы медицина нысандарының инфрақұрылым жақсарту жалғасуда 

Түркістан өңірінде шалғай ауылдарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Заманауи медициналық пункттер ашылып, қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылуда. Бұл бастамалар тұрғындардың дәрігерлік көмекке қолжетімділігін арттырып, денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарын пайдалануға тапсыру бойынша мәжіліс өткізді. Денсаулық сақтау және құрылыс басқармаларының жауапты өкілдері, бас дәрігерлер және мердігерлер қатысқан жиында өзекті мәселелер талқыланды.
2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 32 нысан ашылып, бүгінде жергілікті халыққа қызмет көрсетуде. 1 нысан жеке инвестор тарапынан салынған. Қалған 16 ғимараттың құрылысы аяқталған. Қазіргі таңда құрал-жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Мәжілісте нысандардың бүгінгі ахуалы баяндалды. Жауапты басқармалардың мәлімдеуінше, 2025 жылы Ұлттық жобадан тыс 20 ФАП-тың құрылысын жүргізу көзделген.
Бейсенбай Дәулетұлы кемшіліктерге тоқталды. Тез арада реттеуді қатаң ескертіп, жұмысты күшейтуді міндеттеді. Ауыл азаматтары медициналық нысандардың игілігін көруге тиіс.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Облыс әкімінің орынбасарының жеке қабылдауында маңызды ұсыныстар айтылып, мәселелер көтерілді

admin

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің Тұүркістан тұрғындарымен кездесуі өтті 

admin

Түркістан облысының әкімі Франция елшісімен кездесті 

admin

Пікір жазу