Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру жобасы іске қосылады

Алматыда «Алтын жас» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бұл жоба аясында 2025 жылы зейнеткерлер үшін 1000 жұмыс орнын субсидиялау жоспарланған. 2024 жылы бағдарлама 700-ден астам адамды қамтыды.
Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2025 жылдан бастап «Jobcoach» жобасы іске қосылады. Ол ерекше қажеттілігі бар адамдарды толық бейімделгенге дейін үш жыл бойы жұмыс орнында қолдауды қарастырады. Жоба аясында 300 адам жұмысқа орналастырылады, ал тәлімгерлер оларға жұмыс орындарын табуға және бейімделуге көмектеседі.
Алматы – Қазақстандағы инклюзивті орта қалыптастырудың көшбасшысы. «Инклюзивті Алматы» бағдарламасы 15 саладағы 90 жобаны қамтиды, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спортта тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Ухнаагийн Хурэлсух бұл сапар нәтижесінде қос халықтың достығы мен сан қырлы ынтымақтастығы нығая түсетініне сенім білдіріп, Қазақстанды Моңғолияның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесі деп атады

admin

Жетісай ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел‑профилактикалық іс‑шарасы

admin

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында мопед жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді

admin

Пікір жазу