Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпаратСаясат

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімін қабылдады

Берік Уәли Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған даму жоспарын таныстырды.
Негізгі мәліметтер:
1) Жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілген.
2) 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталған.
3) Жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын бұл бастамалар 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде 6 жоба биыл іске қосылады.
4) «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынған.
5) Облыс орталығындағы аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр.
6) Аспалы көпірдің жүктемесін азайтып, көлік нөпірін реттеу мақсатында Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда.
Президенттің тапсырмалары:
Облыс әкімі Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу қажет.
Өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдауға тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттау рәсіміне қатысты

admin

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

admin

Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі брифинг өткізді

admin

Пікір жазу