Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Аймақ

Түлкібастық алтын құрсақты аналар ардақталды

Түлкібас ауданында 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай өңіодің даму жолында өлшеусіз еңбек еткен алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетілді. Кездесуде аудан әкімі Асқар Естібаев аналарға сыйлық себеті мен гүл шоқтарын табыстап, мерекемен құттықтады.
Ардақты жандардың қатарында еңбек жолын колхозда қарапайым жұмысшы болып өткізген Абайкүл Пушаева бар. Дүниеге 12 баланы алып келген ақ жаулықты ана бүгінде 100-ге жуық немере, шөбере, шөпшек сүйіп отыр. Сонымен қатар, бар өмірін ауданның дамуына арнаған Зеркүл Тәжиева дүниеге 13 бала алып келіп, немере, шөберелерінің ортасында аяулы әже атанып отыр. Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданда 111 «Батыр ана», 817 «Алтын алқа» және 1742 «Күміс алқа» иегерлері, 197 бірінші және екінші дәрежелі «Ана данқы» орденінің иелері бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында «Тазалық күні» аясында жаппай сенбілік өтті

admin

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР ТОБЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

admin

Пікір жазу