Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің бұйрығымен Түркістан облысы Полиция департаменті Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Ғалымжан Саттарұлы Қуашбаев тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға, аудан тұрғындарына Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаев ішкі істер органдарында 1997 жылдан бері қызмет атқарады. ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Ішкі істер саласындағы қызметін тергеуші болып бастап, жедел және тергеу басқарма, бөлімдерінде түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Яғни Шымкент, Алматы, Астана, Орал қалаларында құқық қорғау саласында жұмыс істеп, өзіндік қолтаңбасын қалдырған. Сондай-ақ 2018-2020 жылдары Түркістан облысы ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл және ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасын басқарды. Ал 2020-2025 жылдары Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымын абыроймен атқарды.
Қызмет атқару барысында үлгілі тәртібі, үздік көрсеткіштері үшін медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған.
Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі