Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
АймақМәдениет

Түркістан қаласы ерекше мәртебеге сай дамиды 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осыған орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Заңдағы бастамаларды өңірде жүзеге асыру мақсатында тиісті сала өкілдерімен кездесу өткізді. Онда Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстарды жаңғырту талқыланды.
Басқосуда Зұлпыхар Сансызбайұлы Заңның маңыздылығына тоқталып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау, археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу, туризмді дамыту, қаланың әлеуетін көтеру жолдарын атап өтті. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру, сондай-ақ қаланың жеке дизайн коды енгізілетіндігі айтылды.
Сала өкілдерімен бірге тарихи-мәдени ескерткіштерді аралап, жұмыстарымен танысты. Қожа Ахмет Ясауи мұражайын құнды экспонаттармен толықтырып, ғимарат сыртындағы заңсыз саудаларды ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ қалаға келген туристер үшін QR-коды бар арнайы карталар енгізілу жоспарлануда. Туристер үшін қызмет көрсететін «Визит орталығында» болып, орталықтың жұмысымен танысты.
Айта кетейік, «Визит орталығындағы» гидттердің біліктілігін арттыру мақсатында мамандарды халықаралық тәжірибе алмасуға жіберу көзделуде. Қаланың туризмін дамыту бағытында музейлердің жұмыстары күшейтіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: ауылдардағы медицина нысандарының инфрақұрылым жақсарту жалғасуда 

admin

Түркістан облысында «Бала шешеннен – дана шешенге» атты республикалық байқау өтеді 

admin

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне 46 жаңа техника тапсырылды 

admin

Пікір жазу