Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ҚоғамШымкент

Шымкентте «Гүлдер жәрмеңкесі» өтеді

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 6,7,8 наурыз күндері «Гүлдер жәрмеңкесі» өтеді. Мерекелік жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтары сан алуан гүлдер мен әсем безендірілген гүл шоқтарын сатып алып, көктемнің шырайын сезіне алады.
Көңілді іс-шара барысында сіздерді көтеріңкі көңіл-күй, ерекше безендірілген жәрмеңке алаңы және алуан түрлі гүлдер күтеді. Сонымен қатар, жақындарыңыз бен сүйікті жандарыңызға әдемі гүл сыйлап, қуаныш пен жылулық сыйлауға керемет мүмкіндік бар.
Жәрмеңкеге қатысушыларға қойылатын талаптар:
Бірыңғай палаткамен тұру (ақ шатыр үлгісінде).
Тазалық сақтау.
Баршаңызды осы ерекше жәрмеңкеге шақырамыз!
Өтетін орны: Астана алаңы
Күні: 6,7,8 наурыз
Көктемнің шуақты мерекесін бірге атап өтейік!

Фото: Береке Сейтжаппар

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Отбасы – елдің тірегі: «Бақытты отбасы» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

admin

ШЫМКЕНТ ПРИСОЕДИНИЛСЯ К ВСЕМИРНОМУ ДНЮ ЧИСТОТЫ: ОЧИЩЕНЫ УЛИЦЫ, ДВОРЫ И ПАРКИ

admin

Сот орындаушылардың әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жинақтарын өндіруі

admin

Пікір жазу