Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
АймақЖаңалықтарСаясат

Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады

Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысына өңірдің даму жоспарын: ирригация жүйелерін жаңғырту, ауыл шаруашылығы кластерлерін дамыту және энергетикалық жобаларды іске асыру жұмыстары туралы баяндады.
Мәліметтер:
Түркістан қаласы мен маңындағы 6 ауданға тұрақты су жеткізу үшін «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп, «Боралдай» су қоймасының жобасы әзірленіп жатыр.
Өңірдің аграрлық әлеуетін арттыру мақсатында 197 млрд теңгені құрайтын 5 мақта-тоқыма жобасы қолға алынады.
Ислам даму банкі 135,5 млрд теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдаған.
Энергетика тапшылығын жою үшін жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын 6 жоба іске асырылады.
Биыл 32 мектеп салынып, тағы 41 білім ошағы күрделі жөнделеді.
Мед-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріледі.
45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс әкіміне тапсырмасы:
Түркістан қаласының ерекше мәртебесін ескере отырып, Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеу; тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттерді шешу.

Ұқсас жаңалықтар

ОТЫРАР ӨҢІРІ ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТІ ТОҚТАУСЫЗ ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР САНЫ 9500-ГЕ ЖЕТЕДІ

admin

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ШЫМКЕНТ БОЙЫНША 2 АРДАГЕРГЕ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

admin

Пікір жазу