Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.А. Асылбековтың төрағалымен жедел жәрдем станция қызметкерлерімен семинар өткізілді. Жиында шақыртуларға уақытылы жету, науқастарға сапалы дұрыс көмек көрсету, қажет болған жағдайларда ауруханаға уақытылы жеткізу, аналардың, балалардың өлімін болдырмау мәселелері талқыланып, мәселерлерлің шешімі айтылды.

Сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау Министірінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қалалық ДСБ-ның ұйымдастыруымен, Шымкент қаласының жедел жәрдем бригадаларын аттестациялау жүргізілді. Біліктілігін жетілдіруден 1130 қызметкер өтті.
Әртүрлі бейін мамандарынан құрылған сарапшылар тобы арнайы әзірленген бақылау парақтары бойынша сұрақтар койып, түрлі жағдайлар бойынша симуляциялық құрылғыларды пайдалана отырып, дәрігерлермен фельдшерлердің біліктілік деңгейі тексерді.

Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметкерлеріне жиналыстар ұйымдастырылып, жұмыстың маңыздылығы мен жауапкершілігі жоғары екені айтылып қызмет көрсету барысында орын алуы мүмкін жағдайлар бойынша талдаулар жүргізілді. Халыққа көрсетілетін қызметтің сапалы жүргізілуі керектігі жөнінде қатаң тапсырмалар берілді.

фото: turaninfo.kz

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

admin

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: ЖЕҢІС ҮШІН ЖАНЫН ҚИҒАНДАР ЕРЛІГІ ДӘРІПТЕЛДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫМЕН 2500 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЕЛДІ МЕКЕН КӨШЕЛЕРІ ЖАҢАРДЫ

admin

Пікір жазу