Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ЖАҢА БАСТАМАЛАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

Заман талабына сай жаңғырған бас құжат мемлекеттігіміздің сан ғасырлық тарихынан хабар береді.

Жаңа Конституция –көне заманнан бері бабаларымызға бағдар болған дала заңдарының бүгінгі жалғасы, ұрпақтар арасындағы сабақтастық жалғасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты шарада Жаңа Ата Заңға осындай баға берді.

–Заман талабына сай жаңғырған бас құжат мемлекеттігіміздің сан ғасырлық тарихынан хабар береді. Қазіргі Конституция нағыз Ұлт заңы деген атқа лайық. Оның өне бойында бабаларымыз аманат еткен елдік пен ерлік рухы, салт-дәстүр, жасампаздық және жаңашылдық ұғымдары тоғысқан, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Шынында да, жаңа Ата Заңда ұлтқа тән құндылықтар молынан қамтылған деуге негіз бар. Халықтың күткені де осы болатын. Келешек ұрпақты осындай ұлттық рухта тәрбиелей білсек, еліміз ендігі бес-он жылда дамыған елдермен терезесі теңесе түспек.

Наталья ҚОЖАБЕКОВА,

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің

Түркістан облысындағы өкілі.

Ұқсас жаңалықтар

«Үздік еңбек адамы» номинациясының иегері — Оңғар Ақнұр Бақтиярқызы

admin

САРЫАҒАШ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin

Мақтаарал ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді

admin

Пікір жазу