Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті. Кеңестің басты мақсаты – азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын тиімді ұйымдастыру, қоғам мүддесі үшін бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға жағдай жасау. Жиынды Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы, кеңес төрағасының орынбасары Б.Жанәбіл жүргізіп отырды.
Күн тәртібіне сәйкес Жетісай, Келес, Мақтаарал аудандарында 2025 жылы азаматтық қоғам ұйымдарымен атқарылған жұмыстар туралы ішкі саясат бөлімдері басшыларының баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік идеология бөлімінің басшысы Н.Тәжібеков мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2026 жылға жоспарланып отырған жобаларды кеңестің қарауына ұсынды. Отырыс барысында кеңес мүшелері Ш.Жамалбек, А.Байдуалиев, И.Намазбаева, Б.Әшірбаев, Г.Аңдабаева, Г.Тайтелиева сөз алып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Официальный визит Президента Касым-Жомарта Токаева в Китайскую Народную Республику завершился

admin

ТҮРКІСТАН: «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС-НІҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНА ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin

Түркістанда 197 млрд теңгенің 17 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда

admin

Пікір жазу