Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 5 МЫҢ ОРЫНДЫҚ МЕШІТ ЖЫЛ СОҢЫНДА АШЫЛАДЫ

Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіттің құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда мешіттің қасбеті, мұнарасы, электрмен және сумен жабдықтау, терезе орнату жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан басында 30-дан астам адам мен 9 техника жұмылдырылған. Заман талабына сай салынып жатқан мешіттің құрылыс алаңына облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, жауапты басшылармен кездесті. Ол жұмысты сапалы және уақтылы аяқтау жөнінде тапсырма берді.
▪️Көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысы осы жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Шығыстық нақыштағы еңселі мешітте 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Жоба құны – 32 млрд. теңге. Жер аумағы 7,7 гектарды құрайтын мешіттің іргетасы 2019 жылы құйылған. Ислам орталығының жалпы аумағы – 4650 шаршы метр. Биіктігі 61 метрлік мұнаралармен көмкерілген мешіт қазіргі заман талабына сай озық үлгіде салынуда. Құрылыс жұмыстарын «МонтажСтройКом Экстра» ЖШС мердігер мекемесі атқарып жатыр. Қазіргі уақытта сыртқы қасбет пен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Абаттандыру аумағы – 4,2 гектар, бұл бағыттағы жұмыстар 85 пайызға аяқталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейту керек.

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

«Enbek.kz» порталы мен жазатайым оқиғалардан сақтандырудың маңыздылығы

admin

Пікір жазу