Түркістан қаласындағы №32 дауыс беру учаскесінде «Шұғылалы таң» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дана Орманова дауыс берді.
«Бүгін референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Әр азамат үшін елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерге немқұрайлы қарамау — үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Осындай маңызды сәттерде халықтың пікірін білдіруі, өз таңдауын жасауы — мемлекетіміздің дамуына, тұрақтылығы мен бірлігіне үлкен үлес қосады. Әр дауыс маңызды, өйткені елдің ертеңі әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты. Бірлігіміз бекем болып, еліміздің болашағы жарқын болсын. Қоғамның белсенді болуы — елдің тұрақтылығы мен бірлігінің кепілі. Біз бірлесе әрекет еткенде ғана ортақ мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Сондықтан барша тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға шақырамын», — дейді Дана Орманова.
Жалпы Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.
