Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
АймақЖаңалықтарҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Бүгін Қазақстанда жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша республикалық референдум өтуде. Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Түркістан облысында референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар белсенді қатысуда. Өңірдегі барлық учаскелерде мемлекеттік Әнұран шырқалып, алғашқы дауыс берушілер өз таңдауларын жасауда.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орналасқан 133 референдум учаскесінде дауыс берді. Учаскеге келген тұрғындардың белсенділігі жоғары. Мұнда алғаш рет дауыс беріп жатқан жастар мен зейнеткерлер де өз таңдауларын жасап жатыр.

Түркістан облысында барлығы 948 референдум учаскесі жұмыс істеуде, оның ішінде 26 жабық учаске бар. Өңірде 2 миллион 154 мыңнан астам тұрғын тұрады. Оның ішінде 1 187 257 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл облыс халқының 55,4 пайызын құрайды.

Референдумды ұйымдастыру жұмыстарына облыс бойынша 6380 комиссия мүшесі тартылған. Оның ішінде 1 облыстық комиссия (7 мүше), 17 аумақтық комиссия (119 мүше) және 948 учаскелік комиссия (6254 мүше) қызмет атқаруда. Комиссия мүшелерінің 97 пайызы сайлау және референдум өткізу тәжірибесіне ие.

Барлық референдум учаскелері қажетті материалдық-техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдайлар жасалған. Өңірде 16 601 ерекше қажеттілігі бар азамат дауыс беру құқығына ие.

Жалпы, Түркістан облысында референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, дауыс беру процесі қалыпты жағдайда жалғасуда. Тұрғындардың белсенділігі жоғары.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту: аудандардағы тәжірибе мен даму тенденциялары

admin

«Келешек» бағдарламасы аясында мемлекеттен алғашқы төлемдер жүргізілді

admin

ОТЫРАРДА АУҚЫМДЫ «AQ-DALA» МАҚТАШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 

admin

Пікір жазу