Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында психобелсенді заттарды пайдаланушылармен жұмыс мәселесі талқыланды

2025 жылғы 3 қазанда Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен психикаға белсенді әсер етуші заттарды пайдаланушыларды анықтау, есепке алу және оларға әлеуметтік-медициналық көмек көрсету, сондай-ақ пробация қызметіндегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша кеңейтілген мекемеаралық жиналыс өткізілді.

Жиынға жергілікті және құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Талқылау барысында жүргізілген наркоскринингтің нәтижесінде бұған дейін есірткі және психотропты заттарды заңсыз сақтау фактісімен қылмыстық жауапқа тартылған 11 жаза өтеушінің апиын және каннабиноидтарды қолдануды тоқтатпағаны анықталды.

Пробация саласындағы жүйелі проблемаларды шешу және оның тиімділігін арттыру мақсатында бірнеше стратегиялық бағыттар ұсынылып, тиісті басшы құжаттар қабылданды.
Атап айтқанда, Меморандум бекітіліп, әрбір құзыретті органның міндеттері нақты айқындалды, сондай-ақ прокуратура мен пробация органдарының бірлескен іс-қимылын реттейтін іс-шаралар Алгоритмі түзілді.

Сонымен қатар, қайта қылмысқа бейім жоғары тәуекел тобына кіретін тұлғаларды жүйелі түрде тексеру мақсатында «Мобильді прокурор» қосымшасы арқылы мобильді топтардың жұмысы күшейтілмек.

Аталған шаралар жаза өтеушілердің қоғамға бейімделуіне, сондай-ақ қайталама қылмыстың алдын алуға бағытталған.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

admin

Отырар ауданында қоғамдық тұрақтылық пен «Қауіпсіз балалық шақ» мәселелері талқыланды

admin

Түркістан облысында құқық қорғау және азаматтық бақылауды нығайту

admin

Пікір жазу