Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында полиция 1700-ден астам құқық бұзушылықтың жолын кесті

Түркістан облысында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кең ауқымды «Тасымалдаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру, сондай-ақ жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары 1700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Атап айтқанда, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 26 фактісі анықталды. Сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін – 199, көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін – 111, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін – 26, ал мас күйінде көлік басқарғаны үшін – 15 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері тек тексеру шараларымен шектелмей, жүргізушілер мен жолаушылар арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, жолдарда мұқият болу сияқты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.

– Жолдағы тәртіп – баршаның қауіпсіздігі. Әрбір жүргізуші мен жолаушы жол ережелерін сақтап, өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Осындай профилактикалық іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алып, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді, – деді облыстық Полиция департаментінің өкілдері.

Полиция департаментінің хабарлауынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізілетін болады. Басты мақсат – жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жүргізушілер арасында тәртіпті күшейту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын қалыптастыру.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

admin

Мақтаарал ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді

admin

Түркістанда Құтқарушылар күні аталып өтті

admin

Пікір жазу