Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

Түркістан музыкалық драма театрында жаңа – V театр маусымының шымылдығы түрілді. Маусымның ашылуы даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың туғанына 45 жыл толуына орай қойылған «Бекзат» драмалық қойылымымен басталды. Спектакльдің негізі жазушы Қуат Ежембектің пьесасы бойынша қойылған.

Аншлагпен өткен премьера төрт күнге жоспарланған. Алғашқы қойылымды тамашалауға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Олимпиада чемпионының анасы Сырлыкүл Саттарханова, сондай-ақ белгілі бапкерлер Тұрсынғали ЕділовМырзағали АйтжановНұрлан Жұмабаев және Олимпиада чемпиондары Ермахан ИбраимовМұхтархан Ділдәбеков бастаған танымал спортшылар қатысты.

Қойылым алдында көрермендерге арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттық жетістіктеріне арналған жеке заттары, марапаттары мен фотосуреттері қойылды. Облыс әкімі Сырлыкүл Саттарханованың иығына орамал жауып, аналық мейірім мен ел құрметін білдірді.

Спектакльде Олимпиада чемпионының өмір жолы мен адами болмысыананың алаңдаған жүрегіжастықтың мөлдір сезімі және ел алдындағы жауапкершілігі көркем бейнеленді. Қойылым көрерменнің зор ықыласына бөленіп, шынайылығымен, әсерлі сахналарымен ерекше тебіреніс тудырды.

Бекзаттың алғашқы бапкері Нұрлан Жұмабаев, кейіннен ұлттық құраманың жаттықтырушылары Александр Апачинский мен Тұрсынғали Еділов оның халықаралық деңгейге көтерілуіне зор үлес қосқан. Олимпиада алдындағы дайындық кезінде спортшы еліміздің әйгілі саңлақтары Ермахан ИбраимовБолат ЖұмаділовМұхтархан Ділдәбековпен бірге жаттығып, шеберлігін шыңдаған.

Басты рөлдерді Қадыржан ТөрехановДосымжан АрқабековАқ-Сұлтан ӘнуарбекШерхан СаматұлыТемірлан ЕркінғалиевМұзафар ҒалымжанұлыДанияс НұрқабденМерей ҚұдайбергеновДинар ҚалдыбайТемір-Сұлтан МейірбекИнабат АбытханАида СериковаАқбөпе СәбетАйдана АққалиҰлан ӘділбекСембай Нұрла және басқа да театр әртістері сомдады.

Қойылым идеясының авторы – Асылхан Төлепов, жоба жетекшісі – Айгерім Бозщина, пьеса авторы – Қуат Ежембек, қоюшы режиссері – Карло Шакалуга.
Премьера 9–12 қазан күндері аралығында, сағат 19:00-де өтеді.

Шара соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров театр ұжымына алғысын білдіріп, гүл шоғын табыстады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Қаланың өнеркәсіптік әлеуеті артып келеді

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

admin

Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі

admin

Пікір жазу