Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: «№1 ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ» КММ-НІҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

🔹 Түлкібас аудандық прокуратурасының тексеру тағайындау туралы қаулысы негізінде ҚР Еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталуына тексеру жүргізу мақсатында 2025 жылдың 17 қазан күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «№1 Түлкібас аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тексеру жүргізді.

🔹 Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Шаниярұлы мекеме ұжымымен кездесу өткізіп, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарына қатысты заңнамалық талаптарды түсіндірді. Атап айтқанда, еңбек шартын жасау және өзгерту тәртібі, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының нормалары, еңбекақы төлеу және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🔹 Сонымен қатар, инспектор еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, ұжым ішінде құқықтық мәдениетті арттыру және қызметкерлердің өз құқықтары мен міндеттерін білуінің маңыздылығын атап өтті.

🔹 Кездесу соңында еңбек инспекторы қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, еңбек қатынастарын реттеуге қатысты әдістемелік ұсынымдар мен ақпараттық материалдар таратты.

Бұл іс-шараның мақсаты — еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әділ әрі қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық әйелдер ІТ-мамандықтардың арқасында кірісін қалай арттырады

admin

Түркістан: «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің еңбек ұжымына жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарына қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

admin

Сайрамда қауіпсіздікке бағытталған үгіт-насихат жұмысы өтті

admin

Пікір жазу