Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді атсалысуда

Түркістан, 2025 жылғы 26 қараша – Түркістанда «Turkistan Investment and Tourism Forum – 2025» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Іс-шараға 300-ден астам отандық және шетелдік компаниялар қатысты. Форумға Шэньси, Сычуань және Хубэй провинцияларынан келген делегациялар Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен тартылды.
        Форум аясында ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, логистика, туризм және кадр даярлау бағыттары бойынша негізгі инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды. Қатысушыларға «Түркістан – Қазақстанның жаңа инвестициялық циклінің драйвері» тақырыбы бойынша өңірдің жоғары инвестициялық әлеуеті көрсетілді.
         Спикерлер қатарында Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев, ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь және қытай провинцияларының өкілдері болды. Өз сөзінде қазақ дипломаты Сианьда орналасқан қазақстандық құрғақ порттың жаңа логистикалық орталық ретіндегі рөлін атап өтіп, қазақстандық өнімді ілгерілету үшін Сиань мен Чэнду қалаларында «Оңтүстік өңірдің Сауда үйін» ашуды ұсынды.
          Өңіраралық кездесулер барысында инвесторлар аудан әкімдері және жергілікті кәсіпкерлермен нақты жобаларды талқылады. Бірқатар компаниялар Түркістан облысының АЭА аумағында өкілдіктерін ашуға дайын екендерін білдірді. Қатысушылар форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және инвестициялық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында құқық қорғау және азаматтық бақылауды нығайту

admin

Түркістан облысында еңбек адамы бейнесін дәріптеу: іс‑шаралар мен жетістіктер

admin

Ответственность за дропперство: знать закон — требование времени

admin

Пікір жазу