Бүгін Шардара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Бауыржан Шомпиевтің төрағалығымен құқықтық оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті сақтау мәдениетін нығайту болды.
Іс-шара барысында күн тәртібіне сәйкес бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
-
азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс жүргізу тәртібі;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және атқарылған жұмыстардың нәтижелері;
-
жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері мен оны шешу жолдары;
-
«ЕРАП» жүйесіне тіркелген планшеттермен жұмыс істеу тәртібі;
-
мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Баяндамашылар өз бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардың қойған сауалдарына нақты жауаптар берді.
Семинар қорытындысында Б. Шомпиев мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру мен жауапкершілігін күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
«Мемлекеттік қызметші — халық пен билік арасындағы алтын көпір. Сондықтан әр қызметкер өз ісінде заңдылықты, әділдік пен әдептілік қағидаттарын басшылыққа алуы қажет», – деді ол.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілер үшін тәжірибе алмасу және құқықтық білімдерін жетілдіру алаңы ретінде ұйымдастырылып, қатысушыларға өз кәсібіне деген көзқарасты жаңаша қалыптастыруға мүмкіндік берді.