6 Желтоқсан, 2025. 16:54
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Алдияр Қозыбаев төрағалық етті. Іс-шараға комиссия мүшелерімен қатар, қаралатын істерге қатысы бар мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, ата-аналар және жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция инспекторлары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың қазіргі жағдайы, оның себептері мен алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Баяндамаларда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың басым бөлігі отбасындағы бақылаудың жеткіліксіздігінен және ата-аналардың тәрбиелік жауапкершілігінің төмендігінен туындайтыны атап өтілді. Сонымен қатар, мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланыс пен түсіністікті арттыру қажеттігі қозғалды. Комиссия мүшелері бұл бағыттағы жұмысты күшейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кездесу барысында бірқатар нақты істер қаралып, құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының қатысуымен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әрбір жағдай бойынша мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілеріне және ювеналды полиция инспекторларына нақты тапсырмалар берілді. Тәрбиелік мәні бар әңгімелер барысында жасөспірімдерге заңға қайшы әрекеттердің салдары түсіндіріліп, олардың болашағына кері әсер ететінін ұғындыру мақсатында профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөліне тоқталып, отбасы институтын нығайту, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті. Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорт және шығармашылық үйірмелерге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері де қаралды.

Комиссия төрағасы Алдияр Қозыбаев жиынды қорытындылай келе, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен мінез-құлқына немқұрайлы қарамауы керектігін, баланың рухани және моральдық дамуы отбасындағы жағдайға тікелей байланысты екенін ерекше атап өтті.
– Құқық бұзушылықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының емес, барлық қоғам мүшелерінің ортақ міндеті. Әрбір ата-ана баласының тәрбиесіне, оның кіммен араласатынына, бос уақытын қалай өткізетініне мән беруі керек. Балаға қамқорлық – қоғамның болашағына қамқорлық, – деді Алдияр Қозыбаев.

Комиссия төрағасы тиісті мекемелердің басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу барысында ведомствоаралық өзара әрекеттестікті күшейтуді және профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізуді тапсырды.

Отырыстың қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы шараларды жетілдіру, ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдер арасында тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар қабылданды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның мұндай отырыстары Сарыағаш ауданында жүйелі түрде өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты – балалар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтарын қорғау және жас ұрпақтың қауіпсіз әрі салауатты ортасында өмір сүруін қамтамасыз ету болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

admin

Халықаралық олимпиадаларға Қазақстан атынан барған әрбір екінші қатысушы жүлделі орынмен оралды

admin

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ФОРУМЫНДА АДАЛДЫҚ ПЕН ОТАНШЫЛДЫҚ ДӘРІПТЕЛДІ

admin

Пікір жазу